Шығыс Қазақстанда 56 жастағы жұмысшы қаза тапты

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Шығыс Қазақстанда арнайы техника 56 жастағы жұмысшыны басып кетті
Шығыс Қазақстанда арнайы техника жұмысшыны басып кетті / фото: shutterstock

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында жүк тиегіш 56 жастағы жұмысшыны басып кетті. Ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жұмысшының өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам техниканың артында тұрған. Жүргізуші оны байқамай, қозғалысты бастап кеткен. Жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

«Глубокое аудандық полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Тергеушілер болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Баянауыл ауданындағы «Майкүбен Вест» АҚ аумағында бұрғылау-жару жұмыстары кезінде 1984 жылғы тау-кен шебері ауыр жарақат алып, көз жұмды.

Сондай-ақ оқыңыз