Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады / Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

«Қазақстан президенті Ресейдің өркендеуі және халқының игілігі жолындағы Владимир Путиннің айрықша рөлі мен табанды еңбегін атап өтті. Мемлекет басшысы Ресей президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанына тоқталды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Телефон арқылы сөйлесу кезінде тараптар алдағы бірлескен іс-шаралардың жоспарын да талқылаған.

Айта кетейік, осыған дейін екі ел басшылары Бішкектегі Көшпенділер ойынының ашылу салтанаты мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммиті кезінде кездескен еді.

Сондай-ақ оқыңыз