Астанада LRT құрылысына байланысты Сығанақ пен Айтматов көшелерінде қозғалыс шектелді

Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік желісінің (LRT) екінші кезеңін салу жұмыстарына байланысты екі жол учаскесінде қозғалысқа ішінара шектеу енгізіледі. Бұл туралы CTS хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.
Қозғалыс мына учаскелерде ішінара жабылады:
- Сығанақ көшесінің Төле би көшесінен Айтматов көшесіне дейінгі бөлігінде;
- Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі аралығында.
Жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерін ескеру ұсынылды.
Еске салайық, Астанадағы LRT-ның жаңа желілері екі көл мен бір өзеннің су қорғау аймақтары арқылы өтеді. Жеңіл рельсті көлік жобасының 2-кезеңіне екінші, үшінші және төртінші желілер кіреді. Олардың жалпы ұзындығы шамамен 26,5 шақырымды құрайды. Жобаланып жатқан екінші және үшінші желілер, сондай-ақ депо толығымен Астана аумағында орналасады. Ал төртінші желі елорда аумағымен қатар, Қосшы қаласының әкімшілік шекарасы арқылы өтеді.
Tarlan Astana іске қосылғалы бері онымен жүрген жолаушылар саны 10 миллионнан асты. Қыркүйек айында LRT-ға тәулігіне орта есеппен 80 мыңға жуық адам мінген.