Астанада Түркістан мен Батыс Қазақстан облыстарының жәрмеңкесі өтеді

Астаналықтар алдағы демалыс күндері Түркістан мен Батыс Қазақстан облыстарының өнімдерін тікелей өндірушілерден сатып ала алады. 10-11 қазан күндері елордада өңірлердің ауылшаруашылық жәрмеңкесі жалғасады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
600 тоннадан аса өнім әкелінеді
Астана әкімдігінің мәліметінше, екі облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жәрмеңкеге 600 тоннадан астам өнім жеткізеді.
«Сауда сөрелерінде ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек, балық, жұмыртқа, бал, кептірілген жемістер және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері болады. Өнімдерді тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік қарастырылған», – делінген хабарламада.
Түркістан облысының шаруалары жәрмеңкеге 60 тонна ет және ет өнімдері, 260 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 60 тоннадан астам сүт өнімдерін, бал, кептірілген жемістер және басқа да өнімдер әкеледі.
Ал Батыс Қазақстан облысы 50 тоннаға жуық ет және ет өнімдерін, 80 мың дана жұмыртқа, 11 тонна балық өнімдерін және басқа да ауыл шаруашылығы тауарларын ұсынады.
Жәрмеңке қайда өтеді
Жәрмеңке «Қазанат» ипподромының автотұрағында, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында ұйымдастырылады. Жәрмеңке екі күн бойы 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Тұрғындар мен қала қонақтарына ыңғайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орынға №18, 37 және 303 автобус бағыттары қатынайды.
Жәрмеңкелер қазан айының соңына дейін өтеді
Өңірлік жәрмеңкелер Астанада әр демалыс сайын 25 қазанға дейін ұйымдастырылады. Келесі жәрмеңкелердің кестесі:
- 10-11 қазан – Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары;
- 17-18 қазан – Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстары;
- 24-25 қазан – Қарағанды және Қостанай облыстары.