
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің әртүрлі елдерінде жыл сайын оба болуы мүмкін мыңдаған жағдай тіркелетінін хабарлады, деп хабарлайды Kursiv.media.
ДДҰ-ның эпидемиялар мен пандемияларға дайындық және олардың алдын алу жөніндегі директоры Мария Ван Керкхове Женевадағы ұйымның штаб-пәтерінде өткен брифингте осындай мәлімет берді.
Оның мәліметінше, 2019–2025 жылдар аралығында 10 ел ДДСҰ-ға адамдар арасында обаға күдікті 4 мыңға жуық жағдай және 423 өлім тіркелгені туралы хабарлаған.
Бұл деректер обаның бубонды және өкпеге қатысты түрлерін қамтиды.
ДДСҰ өкілі оба бактериядан пайда болатынын және оны антибиотиктермен емдеуге болатынын атап өтті.
Осыған дейін ДДСҰ Ресейдегі оба институтындағы екінші науқас туралы мәлімет сұрады. Ал Қазақстан Ресейдегі оба күдігіне қатысты шекарадағы карантин бақылауын күшейтті.
Оба тараған елдер жайлы және одан қорғанудың жолдарын жазғанбыз.