Франциядағы оқушылардың наразылық акциясына шенеуніктер де қосылды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: X желісіндегі видеодан скрин, сапасы ЖИ арқылы өңделді

Франциядағы оқушылардың көтерілісі екінші апта қатарынан жалғасып жатыр. Енді шерушілерге Францияның Сен-Дени қаласының мэрі Балли Багаёко да қосылды деп жазады Kursiv Media

Мемлекеттік шенеунік көтерілістің қақ ортасында тұрған видео әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Ол Парижде өткен шеруде полицияға қарсы тұрып, жас наразылық білдірушілерді қалқалап, «тоқтаңдар» деп айқайлаған.

Ол Reuters агенттігіне берген сұхбатында полиция студенттерге қарсы әрекет етуге шешім қабылдағанын айтты. Полиция шеруге қатысқан топқа, оның ішінде әкімнің өзіне де көзден жас ағызатын газ қолданған көрінеді. Бірақ шеруге қатысқан жастар полиция қызметкерлеріне қарсы шабуылдаған жоқ еді дейді мэр.

«Олар студенттерге қарай ұмтылып, іс жүзінде оларды қуа бастауға шешім қабылдады. Ал жастардың көпшілігі полиция қызметкерлеріне ешқандай агрессия көрсеткен жоқ», – деді Багаёко.

Балли Багаёко – солшыл бағыттағы «Франция – көнбейді» (LFI) партиясының мүшесі. Ол басқаратын Сен-Дени қаласы Париждің солтүстік шетінде орналасқан.

Франциядағы оқушылардың наразылық акциясы қыркүйек соңында басталған. Бастапқыда жасөспірімдер мұғалімдер жетіспейтінін, сыныптар нашар жабдықталғанын және мектеп ғимараттарының гигиеналық жағдайы нашарлағанын айтып, шеруге шыққан. Кейінірек радикалды солшыл саяси күштердің қолдауымен көтеріліске ұласты. Тәртіпсіздіктер басталып, жиырмадан астам мектеп өртелді. Полиция 5 000-нан астам адамды ұстады, олардың басым бөлігі – кәмелетке толмағандар.

6 қазанда Франция президенті Эмманюэль Макрон елдегі оқушылар наразылығының күшеюіне байланысты министрлермен кездесу өткізетінін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз