Испаниядағы футбол турнирінің соңы Астанада сот үкімімен аяқталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай

Астанада балаларды халықаралық футбол турниріне апаруды ұйымдастырған алаяққа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Kursiv.media.  

Бас прокуратураның мәліметінше, сотталған азамат ата-аналарды жас футболшыларды Испанияға «бәрі қосылған» тарифімен апаруды ұйымдастыратынына сендірген.

«Ол турнирге қатысу ақысы, әуе билеттері, виза рәсімдеу қызметтері, балаларды алып жүру және спорттық киім сатып алу сияқты түрлі шығындарды төлеу деген сылтаумен жәбірленушілерден ақша алған. Алайда іс жүзінде өзіне алған міндеттемелерін орындамай, ақшаны өз қалауынша жұмсаған», – делінген ақпаратта.

Тоғыз жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 24 миллион теңгеден асқан.

Сот үкімімен алаяққа 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кететін жайт, Бас прокуратура Жетісу облысында шетелдік қатысуы бар компанияның 2,3 мың гектардан астам жері мемлекетке қайтарылғанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз