Мақтааралда 17 жастағы қыздың зорлыққа ұшырағаны туралы іс қайта көтерілді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Мақтааралда 17 жастағы қыздың зорлыққа ұшырағаны туралы іс қайта көтерілді /фото: shutterstock

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында 17 жастағы қыздың зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы іс қайтадан қоғам назарында, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, қызды туысы жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп, жалаңаш видеосын тарату арқылы бопсалаған. Кейін оны 12 адамға жыныстық қанауға берген деген ақпарат айтылды.

Жәбірленуші тараптың мәліметінше, қыз сегіз ай бойы зорлық-зомбылыққа ұшыраған.

Қорғаушы Инга Иманбай таратқан ақпаратқа сүйенсек, істі қоғам назарына шығарған журналист Жан Ахмадиевке де қысым жасалып жатыр. Оның үстінен түрлі арыздар түскені белгілі болған.

Сонымен қатар, жәбірленушінің намысын қорғаған ағалары да қысым көріп отырғандарын мәлімдеді.

Айта кетейік, осыған дейін Петропавлда 37 жастағы ер адам мен оның 32 жастағы азаматтық некедегі әйелі кәмелетке толмаған қызға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін сотталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз