Қаржыгерлердің жаңа болжамы: базалық мөлшерлеме 14,5%-ға дейін түсуі мүмкін

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Пайыздық өзгеріс / фото: Kursiv Media

Қазақстан қаржыгерлері Ұлттық банк ақша-несие саясатын жұмсартуды жалғастырады деп күтеді. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жүргізген сауалнамаға қатысқан сарапшылардың 85%-ы 23 қазанда базалық мөлшерлеме төмендейді деген пікірде. Мөлшерлеменің төмендеуін күтетіндердің 71%-ы Ұлттық банк ең аз қадамды — 0,25 пайыздық тармақты таңдап, ставканы 16%-ға түсіреді деп болжайды.

Қаржы нарығы өкілдерінің инфляцияға қатысты болжамы да жақсарған. 12 айдан кейінгі инфляция 9,7% деңгейінде күтіледі. Бір ай бұрын сарапшылар оны 10,4% деп бағалаған. Базалық мөлшерлеме бір жыл ішінде 14,5%-ға дейін төмендеуі мүмкін.

АФК · Қазан 2026

Қаржыгерлердің теңге, инфляция және базалық ставка бойынша болжамы

01 1 айдағы күтілім қысқа мерзім
Базалық мөлшерлеме 23 қазан
16,0%

Нарық Ұлттық банктен мөлшерлемені төмендетуді күтеді.

85% төмендеуді күтеді
71% −0,25 п.т. күтеді
USD/KZT қараша басы
456,5 ₸

Қаржыгерлер қысқа мерзімде теңгенің нығаюын күтеді.

Бұрын: 474,2 ₸ −17,7 ₸
12 12 айдағы күтілім орта мерзім
Базалық ставка
14,5%
Ақша-несие саясаты біртіндеп жұмсаруы мүмкін.
Инфляция
9,7%
Баға өсімі баяулайды.
Бұрын: 10,4%
USD/KZT
502,6 ₸
Бір жылдан кейінгі болжам.
Бұрын: 511,6 ₸
Brent мұнайы
$79
Мұнай бойынша болжам төмендеген.
Бұрын: $83,7
Қазақстан ЖІӨ
+4,4%
Экономикалық өсім сақталады деген болжам бар.
Дереккөз: Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Қазан 2026

Теңгеге қатысты күтулер де нығайған. Сарапшылар қараша айының басында доллар бағамын 456,5 теңге, ал 12 айдан кейін 502,6 теңге шамасында күтеді. Бұған теңгелік құралдардың жоғары нақты кірістілігі, Ұлттық банктің валюта сатуы және мемлекеттік бағалы қағаздарға шетелдік инвесторлар қаражатының келуі әсер етуі мүмкін.

Ал Brent мұнайының бір жылдан кейінгі бағасы барреліне 79 доллар деңгейінде болжанып отыр. Соған қарамастан, Қазақстан экономикасының алдағы 12 айдағы өсімі 4,4% деңгейінде сақталады деген болжам бар.

Сондай-ақ оқыңыз