Қазақстан 602 млн долларға күнбағыс майын экспорттады: негізгі сатып алушылар кім

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
күнбағыс майы / фото: Kursiv Media

2026 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстан $601,8 млн-ға күнбағыс майын экспорттаған. Экспорттың басым бөлігі Өзбекстан мен Қытай нарығына тиесілі. Kursiv Media Ұлттық статистика бюросының деректерін саралады.

Қазақстандық күнбағыс майының ең ірі сатып алушысы – Өзбекстан. Жеті айда көрші елге $249 млн өнім жөнелтілген. Бұл күнбағыс майы экспортының 41,4%-ына тең.

Екінші орында Қытай тұр. Бұл елге жеткізілген өнім құны $205,8 млн, ал жалпы экспорттағы үлесі 34,2% болған. Осылайша, Өзбекстан мен Қытайдың жиынтық үлесі 75,6%-ға жетеді. Яғни Қазақстан экспорттаған күнбағыс майының шамамен төрттен үш бөлігі осы екі нарыққа кеткен.

КҮНБАҒЫС МАЙЫ

ЕЛДЕР · ЭКСПОРТ
2026 · Қаңтар–Шілде · $601.8 млн
KURSIV MEDIA
01
Өзбекстан туы Өзбекстан
$249 млн
02
Қытай туы Қытай
$205.8 млн
03
Ауғанстан туы Ауғанстан
$51.1 млн
04
Тәжікстан туы Тәжікстан
$49.4 млн
05
Иран туы Иран
$38.2 млн
06
Қырғызстан туы Қырғызстан
$4.9 млн
07
Түрікменстан туы Түрікменстан
$3.3 млн
08
Ресей туы Ресей
$77 мың
09
Түркия туы Түркия
$57 мың
10
Моңғолия туы Моңғолия
$1 мың
Дерек: Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы

Үшінші орында Ауғанстан – $51,1 млн немесе 8,5%. Одан кейін Тәжікстанға $49,4 млн, Иранға $38,2 млн күнбағыс майы экспортталған. Бұл елдердің үлесі тиісінше 8,2% және 6,3%.

Қырғызстан мен Түрікменстанға жеткізілім көлемі айтарлықтай төмен. Қырғызстанға – $4,9 млн, Түрікменстанға – $3,3 млн өнім сатылған.

Ресей, Түркия және Моңғолия бағытындағы экспорт әзірге өте аз. Ресейге $77 мың, Түркияға $57 мың, ал Моңғолияға небәрі $1 мың көлемінде күнбағыс майы жөнелтілген.

КҮНБАҒЫС МАЙЫ

ӨҢІРЛЕР · ЭКСПОРТ
2026 · Қаңтар–Шілде · $601.8 млн
KURSIV MEDIA
01
ШҚО
Шығыс Қазақстан облысы
$169.3 млн
28.1%
02
АБАЙ
Абай облысы
$149.8 млн
24.9%
03
AST
Астана қаласы
$97.8 млн
16.3%
04
TUR
Түркістан облысы
$45.4 млн
7.5%
05
AKT
Ақтөбе облысы
$25.6 млн
4.3%
06
SHY
Шымкент қаласы
$22.4 млн
3.7%
07
ALO
Алматы облысы
$19.2 млн
3.2%
08
ALA
Алматы қаласы
$14 млн
2.3%
09
СҚО
Солтүстік Қазақстан облысы
$11.5 млн
1.9%
10
AQM
Ақмола облысы
$9.2 млн
1.5%
11
PAV
Павлодар облысы
$8.5 млн
1.4%
12
QOS
Қостанай облысы
$8.5 млн
1.4%
13
ATY
Атырау облысы
$8.3 млн
1.4%
14
БҚО
Батыс Қазақстан облысы
$7.1 млн
1.2%
15
JAM
Жамбыл облысы
$2.8 млн
0.5%
16
JET
Жетісу облысы
$2.3 млн
0.4%
17
QYZ
Қызылорда облысы
$66 мың
0%
18
QAR
Қарағанды облысы
$0 мың
0%
19
MAN
Маңғыстау облысы
$0 мың
0%
20
ULY
Ұлытау облысы
$0 мың
0%
Дерек: Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы

Экспорттың жартысынан астамы екі өңірге тиесілі

Өңірлер арасында күнбағыс майын экспорттаудан Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр. Қаңтар–шілдеде облыстан шетелге $169,3 млн өнім шығарылған. Оның жалпы экспорттағы үлесі – 28,1%.

Екінші орында Абай облысы. Өңірдің экспорты $149,8 млн-ға жетіп, жалпы көлемнің 24,9%-ын құрады.

Тек осы екі облыстың өзіне Қазақстанның күнбағыс майы экспортының 53%-ы, яғни шамамен $319,1 млн тиесілі.

Үшінші орында Астана қаласы – $97,8 млн немесе 16,3%. Одан кейін Түркістан облысы – $45,4 млн, Ақтөбе облысы – $25,6 млн және Шымкент қаласы – $22,4 млн.

Алматы облысының үлесі 3,2%, Алматы қаласының үлесі 2,3% болды. Солтүстік Қазақстан облысы $11,5 млн, Ақмола облысы $9,2 млн күнбағыс майын экспорттаған.

Павлодар мен Қостанай облыстарында көрсеткіш бірдей – $8,5 млн. Атырау облысының экспорты $8,3 млн, Батыс Қазақстан облысында $7,1 млн болды.

Ең төмен көрсеткіштердің бірі Қызылорда облысында тіркелген – небәрі $66 мың. Қарағанды, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында осы кезеңдегі экспорт статистикасында іс жүзінде нөлдік көрсеткіш көрсетілген.

Жалпы дерек Қазақстанның күнбағыс майы экспорты әрі нарықтар, әрі өңірлер бойынша жоғары деңгейде шоғырланғанын көрсетеді: экспорт түсімінің үштен төртінен астамын екі мемлекет қамтамасыз етсе, ішкі экспорттың жартысынан көбі Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарына тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз