Қазақстан алтын сатып алатын ТОП-5 елдің қатарына кірді

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қазақстан алтын сатып алатын ТОП-5 елдің қатарына кірді
Қазақстан алтын сатып алатын ТОП-5 елдің қатарына кірдіфото: shutterstock

2026 жылдың басынан шілдеге дейін Қазақстан Ұлттық банкі 29 тонна алтын сатып алып, әлемдегі ең ірі алтын салып алатын үздік 5 елдің қатарына кірді. Бұл туралы Kursiv Media Дүниежүзілік алтын кеңесінің (World Gold Council) деректеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Finprom.kz зерттеуіне қарағанда, соңғы жылдары Қазақстанның алтын-валюта резервтерінің құрылымы айтарлықтай өзгерді. Ондағы алтынның үлесі артып, еркін айырбасталатын валютадағы активтердің меншікті салмағы азайып келеді.

Валюталық активтерге бағалы қағаздар, шетел валютасындағы депозиттер және басқа да қаржылық құралдар жатады.

«Тамыз айының соңына қарай алтын-валюта резервтерінің құрамындағы алтынның үлесі ел тарихында алғаш рет 79%-дан асып, рекордтық деңгейге жетті. Ақшалай баламада бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш – шамамен 55,8 млрд доллар. Ал физикалық көлемде Қазақстанның алтын қоры 12,1 млн трой унциясына немесе соған жуық 377 тоннаға жетті», – делінген зерттеуде.

Алтын-валюта резервтерінің құрамындағы алтын үлесінің белсенді түрде өсуі бағалы металды сатып алу көлемінің артуымен тікелей байланысты.

Осылайша, бағалы металды белсенді түрде сатып алу кезеңі елдің алтын-валюта резервіндегі оның үлесі өсуінің басты факторларының біріне айналды.

Бұған дейін Дүнижүзілік алтын кеңесі қымбат металды ең көп алғандардың көш басында Польша (51 тонна) мен Қытай (33 тонна) орталық банктері тұрғанын мәлімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз