Әскери жаттығу, халықаралық саяси шара: Астанада 5 күнге жолдар жабылады

Астанада 10-14 қазан аралығында кейбір көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.
Елордада бірнеше халықаралық саяси іс-шара өтеді. Осыған байланысты қаланың кей көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
«Іс-шараларда Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген.
Оған қоса, 9 қазаннан бастап қаланың әуе кеңістігінде әскери авиацияның ұшу жаттығулары жоспарланған», – делінген хабарламада.
Мемлекеттік күзет қызметі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына түсіністікпен қарауға шақырды.
Тағы да оқыңыз: Астанада LRT құрылысына байланысты Сығанақ пен Айтматов көшелерінде қозғалыс шектелді.