Астанада адам ұрлап, бопсалаумен айналысқан үш адам сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Телеграм желісі бұғаттамақ
фото: shutterstock

Астанада адам ұрлау және бопсалау қылмысы үшін үш ер адам сотталды, деп хабарлайды Kursiv.media.   

Астана прокуратурасының хабарлауынша, олар Telegram мессенджерінде қыздардың жалған аккаунттарын пайдаланып, ер адамдарды кездесуге алдап шақырып жүрген. Содан кейін қаладан тыс жерге күштеп алып кетіп, ұрып-соғып, масқаралайтын бейнежазбаларды таратамыз деп қорқытқан, деп жазады Kursiv.Media.

Қаскөйлер бопсалау арқылы үш жәбірленушіден жалпы сомасы 2,2 млн теңгені иемденген. Бірін микроқаржылық несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Ал екіншісінің автокөлігін иемденіп алған.

«Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен үш сотталушы адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін 7 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды», – делінген ақпаратта.

Жәбірленушілердің келтірілген залалды өтеу туралы азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Айта кететін жайт, Ақтөбеде ер адамды таксиден күштеп шығарып, жүксалғышқа салғандар ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыз