Демалыс күндері кей өңірлерде қар жауып, кей жерде ауа райы +28 градусқа дейін ысиды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Демалыс күндері кей өңірлерде қар жауып, кей жерде күн +28°С-қа дейін ысиды
Демалыс күндеріне ауа райы болжамы / фото: Делия Айдаралиева

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес елдің орталығы мен оңтүстігінде ауа райы жауын шашынсыз болады. Ал солтүстік-батыста және солтүстікте, елдің шығысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болуы мүмкін, деп хабарлайды Kursiv.Media.

10-12 қазан аралығында елдің оңтүстік-батыс, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында кезең-кезеңімен жаңбыр жауады, деп болжанады.

10 қазанда елдің шығысында жаңбыр, қар аралас жауын-шашын болуы мүмкін.

10 қазанға қараған түні Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, арты қар аралас жауынға ұласуы мүмкін. 12 қазанда Түркістан облысында нөсер жаңбыр жауатыны болжанып отыр.

Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі.

Өңірлерде ауа температурасы қандай болады?

Күндіз ел аумағында ауа температурасы жоғарылайды. Батыс аймақтарда термометр бағаны +22…+27°С-қа дейін көтерілсе, солтүстік-батыста +17…+25°С, солтүстікте, орталықта және шығыста +10…+22°С аралығында болады.

Оңтүстікте, оның ішінде Қызылорда облысында күн +23…+28°С-қа дейін ысиды, ал Түркістан облысында керісінше +18…+23°С-қа дейін төмендейді.

Елдің оңтүстік-шығысында негізгі температура фоны +17…+25°С төңірегінде сақталады.

Сондай-ақ оқыңыз