Иран мен Түрікменстанға жүк тасымалы артады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: «КазАвтоЖол»

Маңғыстау облысы арқылы Иран мен Түрікменстанға жүк тасымалын арттыруға мүмкіндік ашылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.   

«ҚазАвтоЖол» ақпаратына қарағанда, Жаңаөзен қаласынан Түркіменстан шекарасына дейінгі жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Жаңаөзен мен Түрікменстан арасына көлік 7 сағат жүреді. Енді бұл аралық 2 сағатқа қысқарады. Екі ортадағы жолға күрделі жөндеу жүріп жатыр. Бұл Маңғыстау облысындағы «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан Республикасы шекарасы» бағытының 179-229-шақырым аралықтары», – делінген ақпаратта.

Ұлттық компанияның мәліметінше, аталған жол халықаралық транзиттік бағыттың маңызды бөлігі саналады. Түрікменстан мен Иран бағытында транзиттік жүк тасымалын арттырады.

Айта кететін жайт, 46 жыл жөндеу көрмеген Рудный қаласының батыс айналма жолы жаңартылды.

Сондай-ақ оқыңыз