«МӘМС талап етілмейді»: емханаларда базалық медициналық қызметтер тегін көрсетіледі

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қазақстанда базалық медициналық көмекті МӘМС-сіз алу мүмкін болмақ
Елде базалық медициналық көмек тегін көрсетілуі мүмкін / Фото: shutterstock

2027 жылдың қаңтарынан бастап ел тұрғындары емханаға алғаш рет жүгінген кезде базалық медициналық көмекті тегін ала алады.

Бұл көмек олардың Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан көрсетіледі, деп хабарлайды Kursiv.Media.  

Тиісті өзгерістер Денсаулық сақтау министрлігінің алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жетілдіру жөніндегі жобасында қарастырылған.

Құжатқа сәйкес, емханаға алғаш барған кезде науқастар МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесінің болу-болмауына қарамастан базалық медициналық қызметтерді ала алады.

Атап айтқанда, бұл тізімге жалпы қан талдауы (анализ), артериялық қан қысымын және денсаулықтың негізгі көрсеткіштерін өлшеу, электрокардиография (ЭКГ), пульсоксиметрия, флюорография, кейбір функционалдық зерттеулер, сондай-ақ іш құрылысы мүшелері мен бүйректі ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) кіреді.

Осылайша, белгіленген тізімдегі базалық медициналық қызметтерді алғашқы қаралу кезінде алу үшін МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған мәртебесі талап етілмейді.

Айта кетейік, ұсынылып отырған өзгерістер әлі де жоба түрінде және заңды күшіне енген жоқ. Құжат ашық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында 23 қазанға дейін орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыз