«Қазақстанның жер қойнауы» сериясынан жаңа коллекциялық монета айналысқа шығады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
«Қазақстанның жер қойнауы» сериясынан жаңа коллекциялық монета айналысқа шығады
Жаңа коллекциялық монета айналысқа шығады / коллаж: kursiv.media

Қазақстан Ұлттық Банкі 2026 жылғы 12 қазаннан бастап «Қазақстанның жер қойнауы» сериясынан «Nb (ниобий)» коллекциялық монетасын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Kursiv.Media.  

Коллекциялық монета туралы

Ниобий – сирек кездесетін металл, атом нөмірі – 41. Ол металлургияда, электроникада, сондай-ақ аэроғарыш пен атом өнеркәсібінде қолданылады. Монета атауы ежелгі грек мифологиясының кейіпкері және Танталдың қызы Ниобаның есімімен аталады.

925 сынамалы күмістен жасалған монетаға ниобий орнатылған. Салмағы – 32,8 грамм (925 күмісінің салмағы – 31,1 грамм, ниобий элементінің салмағы – 1,7 грамм), диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – рrооf, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000  (бір мың) дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша, сондай-ақ елдегі барлық банкте банк шотына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды. 

Бұған дейін Ұлттық банк «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарған еді.

Сондай-ақ оқыңыз