Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікке ілікті

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Темиртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өтірді деген күдікке ілінді
Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өтірді деген күдікке ілікті / Коллаж: kursiv.media

Теміртауда 20 жастағы жігіт өзінің ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Kursiv.Media Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 7 қазанда Республика даңғылындағы пәтерлердің бірінде болған. Сол күні пәтерден 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің мәйіті табылды.

Полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғады.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен марқұмдардың 20 жастағы ұлын анықтап ұстады», – делінген хабарламада.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Осыған дейін Астана қаласында ер адам өзінің бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген.

Сондай-ақ оқыңыз