«TikTok-менталитет» пайда болған тұста кітап оқуға мән беру керек – Тоқаев

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
TikTok тренді қызықтырған Алматы облысы оқушылары да уланған еді/коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Президент кітап оқу туралы айтты/коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасында TikTok-менталитет пайда болғанын айтып, кітап оқуды дамытуға шақырды. Бұл туралы президент Түрікменстанда өтіп жатқан ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында айтқан.

«Бізге халықтарымыздың достығына арқау болатын жаңа ынтымақтастық жолдарын іздеу қажет. Жастардың оқуға құштарлығына қолдау білдіру өте өзекті. Себебі артық білім – кітапта. Кітап оқыған адам ғана білімді, парасатты тұлға болып қалыптасып, өмірден өз орнын табады. Интернет үстемдік құрған, TikTok-менталитеті секілді құбылыс пайда болып, жастардың мінез-құлқы өзгерген заманда бұған мән бермесе болмайды», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ Астанада ашылатын Президент кітапханасында «ТМД кітапханасының алтын қорын» жасауды ұсынып отыр. 

«Халықтарымыздың әдеби жауһарларынан құралған «ТМД кітапханасының алтын қорын» жасауды ұсынамын. Аталған қорды құрылысы келесі жылдың ортасында аяқталатын Астанадағы Президент кітапханасында орналастыруға болар еді. Жоба аясында кәсіби аударманы да қамтып, көпшілік еркін пайдаланатын цифрлық кітапхана жасақтауға болады», – деді президент.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдеріне ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыру үшін аймақтық телеарна ашуды ұсынды. 

Сондай-ақ оқыңыз