Келесі аптада Қазақстанға Бельгия королі мен патшайымы келеді

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің редакторы
Бельгия королі Филип және ханшайым Матильда

11–14 қазан аралығында Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Олар елге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен қонақ болады деп жазады Kursiv Media

Сапар аясында Қазақстан мен Бельгия арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, король Филипп пен патшайым Матильда «Қазақстан – Бельгия» іскерлік кеңесінің төртінші отырысына, сондай-ақ екі елдің жоғары оқу орындары ректорларының форумына қатысады. Бұдан бөлек, бірқатар іс-шара өткізу жоспарланған.

Сапар қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірнеше құжатқа қол қойылады.

Сондай-ақ оқыңыз