Кондиционер орнатам деген жұмысшы 15-қабаттан құлап кете жаздады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото ЖИ арқылы жасалды

Астанада кондиционер орнатып жатқан жұмысшы шамамен 50 метр биіктіктен құлап кете жаздаған деп жазады Kursiv Media.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Есіл ауданындағы Сауран көшесінде болған. Ол тұрғын үйдің 15-қабаты деңгейіндегі бекіткішке ілініп қалған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар автосатының көмегімен 1990 жылы туған ер адамды жерге түсірген.

ТЖМ биіктікте жұмыс істеген кезде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, жарамды жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттігін еске салды.

Биыл көктемде жезқазғандық тұрғынның көпқабатты үйдің терезесінен құлап кете жаздаған еді. Оны полиция қызметкерлері құтқарып алды.

Сондай-ақ оқыңыз