Тоқаев Бельгия королі мен патшайымын Астана әуежайынан қарсы алды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданы Астана халықаралық әуежайынан қарсы алды, деп хабарлайды Kursiv Media Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорданың мәліметінше, Бельгия королі мен патшайымы мінген ұшақ Қазақстанның әуе кеңістігіне кірген сәттен бастап Астанаға жеткенге дейін Қазақстан Әскери әуе күштерінің ұшақтары онымен қапталдаса ұшқан.

Мәртебелі меймандарды салтанатты түрде қарсы алу үшін елорда әуежайының ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестр сап түзді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданы әуежайда жеке өзі қарсы алды.

Сондай-ақ оқыңыз