Ақмоншақ Нұртаза АҚШ елшісін балаша қуантты

Ақмоншақ Нұртаза АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффтты балаша қуантты, деп хабарлайды Kursiv.media.
Астанадағы №58 мектеп-гимназиясының директоры елшіге бір қорапқа салынған түрлі кәдесый жолдаған.
«Мен елшіден дәл осындай реакция күтпедім. Кішкентай затқа балаша қуануы мені қанаттандырды» деп Ақмоншақ Нұртаза бейнежазба жариялады.
Джули М. Стаффтты әдемі қораптың өзіне де таңырқады. Мәз болып, бар ынтасымен сыйлықтарды ашып көре бастады.
«Бұл шақыру екен! О құдайым, Бұл керемет! Тағы да бір зат бар екен. Олар мұны қалай жасады екен. Бұл блокнотқа менің есімім жазылыпты. О, Қазақстан шоколады! Менің ең жақсы көретінім. Бұл мен көрген ең керемет фото-сурет! О, дорба, мұны мектепке ұстап барсам бола ма?», – деді балаша шаттанған елші.
Елші, тіпті, қазақстандық әнші Еңліктің әндерін де білетін болып шықты. Кішкентай музыкалық қорапшадан оның әні ойнағанда, дереу билеп кетті.
Ақмоншақ Нұртаза бір бокстың ішіне осынша сезім сыйып кетеді деп ойламағанын айтты. Оны ерекше сезіммен жасаған.
«Әр сыйлыққа қазақы нақыш қосып, Джули Стаффт ханымға қазақ елінің қонақжайлығын, мәдениетін және жылуын сезіндіруді қаладық. Джули ханымның әр қарапайым сыйлыққа балаша қуанып, әр заттың мәніне үңілгені ерекше әсер етті» деп жазды мектеп директоры.
Айта кететін жайт, «Алтын ханым» атанған мектеп директоры мұның алдында клип түсірген еді.