Flydubai Алматы мен Дубай арасында жүк тасымалдай бастады

Жарияланды
Flydubai Алматыға Дубайдан алғашқы жүк рейсін жасады/gov.kz

Алматы халықаралық әуежайы Flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша алғашқы жүк рейсін қабылдады. Осыған орай әуежайда салтанатты рәсім ұйымдастырылды, деп жазады Kursiv.Media. 

Жаңа бағыт бойынша жүк рейстері Boeing 737 ұшақтарымен аптасына бір рет орындалады.

Тікелей жүк әуе қатынасының ашылуы Алматы мен Дубай арасындағы көлік-логистикалық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл бағыт экспорттық-импорттық тасымалдарды дамытуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашады.

Алматы халықаралық әуежайы әлемнің негізгі логистикалық орталықтарымен жүк әуе қатынасын дамытуды жалғастырып келеді. Бұл жұмыстар жүк тасымалының мүмкіндіктерін кеңейтіп, Алматының Орталық Азиядағы маңызды авиациялық-логистикалық орталық ретіндегі позициясын нығайтуға бағытталған.

Осыған дейін Дубайдан Тель-Авивке ұшып бара жатқан Flydubai жолаушылар ұшағы Сауд Арабиясына шұғыл қонған еді. Оған ұшқыштар арасындағы төбелес себеп болған.

Сондай-ақ оқыңыз