Мектеп асханасына артық салмақтан арылтатын тамақтанудың жаңа стандарттары енеді

Жарияланды 12 Қазан 2026 11:33

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
Unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай

Денсаулық сақтау министрлігі балалар арасындағы артық салмақтың профилактикасын күшейтті, деп хабарлайды Kursiv.media.

Министрліктің мәліметінше, 2024 жылғы мультииндикаторлы кластерлік зерттеудің деректеріне сәйкес, 5–9 жастағы балалардың 23,2%-ында артық дене салмағы анықталған. Бұл – шамамен әрбір төртінші бала.

«Балалық шақтағы артық салмақ болашақта 2-типті қант диабеті мен жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупінің жоғарылауымен байланысты. 2025 жылы 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің арасында 2-типті қант диабетінің 1104 жағдайы тіркелді, оның 237-сі алғаш рет анықталған», – делінген ақпаратта.  

Сондықтан «Саламатты мектеп» шеңберінде мектептегі тамақтанудың сапасына, дене белсенділігіне қолжетімділікке, аурулардың профилактикасына, сондай-ақ мектеп, отбасы және денсаулық сақтау жүйесінің өзара іс-қимылына ерекше көңіл бөлінбек.

Балалардың арасында артық салмақ пен метаболизмдік бұзылыстардың профилактикасы Астанада өткен «Саламатты мектеп» бірінші республикалық форумында талқыланған негізгі тақырыптардың бірі болды.

Айта кететін жайт, онкологтар тойып тамақтану асқазан обырына әкелуі мүмкін екенін ескерткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз