Нығматулин, Тасмағамбетов, Көшербаев: бұрынғы шенеуніктер тойда бас қосты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Screenshot

Қазақстанның бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктері белгілі әртіс әрі режиссер Досхан Жолжақсыновтың 75 жылдық мерей тойында бас қосты, деп жазады Kursiv.Media. Әлеуметтік желіде мерекелік шарадан түсірілген видеолар тарады.

Тойға келген қонақтардың арасында бұрынғы мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Сенаттың бұрынғы депутаты Қуаныш Сұлтанов, президенттің экс-көмекшісі Тамара Дүйсенова, Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталов және Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулин төбе көрсетті.

Тойды Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов ашты.

Айта кетейік, Досхан Жолжақсынов – Қазақстанның халық әртісі, актер әрі режиссер. Ол «Бандыны қуған Хамит», «Біржан сал», «Құнанбай» секілді фильмдер арқылы көпшілікке танылған.

Сондай-ақ оқыңыз