Қазақстан ТМД Жоғарғы соттары кеңесіне төрағалық етеді

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Қазақстан ТМД Жоғарғы соттары кеңесіне төрағалық етеді / Фото: freepik

Қазақстанның Жоғарғы соты 2027-2028 жылдары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Жоғарғы соттары төрағалары кеңесіне төрағалық етеді. Бұл шешім Минскіде өткен кеңестің екінші отырысында қабылданды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның Жоғарғы сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев 8–9 қазанда Беларусь астанасында өткен жиынға қатысып, сот жүйесін цифрландыру тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, сот істерін эксаумақтық тәртіппен бөлу, сот отырыстарын онлайн көрсету және судьялардың жұмысында жасанды интеллектіні пайдалану мәселелерін таныстырды.

Отырыс барысында ТМД елдері соттарының шешімдерін тану және орындау, судьяларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және алдағы екі жылға арналған ынтымақтастық жоспары талқыланды.

Кеңеске қатысушылардың шешімімен 2027-2028 жылдары Астанада екі отырыс өткізу жоспарланды. Олар онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылады.

Асламбек Мерғалиев бұдан бөлек, ТМД Экономикалық соты пленумының отырысына қатысып, Ресей, Беларусь және Тәжікстан Жоғарғы соттарының төрағаларымен екіжақты кездесулер өткізді. Тараптар кәсіби байланыстарды нығайтуға уағдаласты.

Сондай-ақ оқыңыз