Қазақстанда мәслихат сайлауы өтеді – президент жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» жарлыққа қол қойды.
«Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды», – делінген ақпаратта.
Жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарының санын айқындау тәртібіне өзгерістер енгізді. Қаулыға сәйкес, облыстық мәслихаттарда халық саны 300 мың адамға дейін болған жағдайда 26 депутат, ал Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда халық саны 1,1 миллион адамға дейін болған кезде 30 депутат қарастырылады.
Халық саны артқан сайын депутаттар саны да белгіленген тәртіппен көбейеді.