Samsung компаниясы үшінші тоқсанда рекордтық 80 млрд доллар табыс тапты

Жасанды интеллект инфрақұрылымына деген жаһандық сұраныстың күрт артуы Samsung Electronics компаниясына рекордтық пайда әкелді. 2026 жылдың үшінші тоқсанында оңтүстіккореялық гиганттың операциялық пайдасы 80,2 миллиард долларға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 782%-ға өсті, деп хабарлайды Kursiv.Media Euronews-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар, жасанды интеллект инфрақұрылымына деген сұраныстың артуыны байланысты чип шығаратын ең ірі келісімшарттық өндіруші TSMC компаниясы да рекордтық тоқсандық түсім туралы хабарлады.
Samsung бағалауынша, шілде-қыркүйек айларында компанияның түсімі 195 трлн вонды немесе шамамен 145,6 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 127%-ға жоғары. Егер болжам расталса, компания операциялық пайда бойынша қатарынан төртінші рекордтық тоқсанды тіркейді.
Samsung әлі жеке бөлімшелердің нәтижелерін жариялаған жоқ. Компания толық қаржылық есепті 29 қазанда жариялауды жоспарлап отыр.
Алдын ала нәтижелер жарияланғаннан кейін Сеулдегі сауда-саттықта Samsung акциялары 2,42%-ға төмендеп, 262 мың вонға дейін түсті. Инвесторлар пайданы фиксациялап, жадқа деген сұраныс өсімінің қаншалықты тұрақты болатынын бағалады. Бұл ретте өткен жылдың қыркүйек айынан бастап компания қағаздарының бағасы төрт есеге жуық өсті.
ЖИ-ге сұраныс арқасында TSMC-тің қыркүйектегі түсімі 54,6%-ға (16 млрд доллар), ал 3-тоқсандағы түсімі рекордтық 46,8 млрд долларға (+51%) жетті. 2026 жылдың 9 айында өсім 41,1%-ды (122,1 млрд доллар) құрады.
2026 жылдың алғашқы тоғыз айында TSMC түсімі 41,1%-ға артып, 3,9 трлн тайвань долларына немесе 122,1 млрд долларға жетті.
Айта кетейік, TSMC компаниясы үшінші тоқсандағы толық есеп пен болжамды 15 қазанда ұсынады, Samsung толық нәтижелерін 29 қазанда жариялайды.