Шығыс Қазақстанда бірден 12 әкім жауапкершілікке тартылды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Шығыс Қазақстанда бірден 12 әкім жазаланды
Шығыс Қазақстанда бірден 12 әкім жауапкершілікке тартылды / Фото: kursiv.media архиві

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында 12 ауылдық округ әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар аумақтағы заңсыз қоқыс полигондарына тиісті бақылау жүргізбеген. Бұл туралы Kursiv.Media өңірлік прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, Глубокое ауданының прокуратурасы спутниктік суреттерді талдау және аумақты көзбен шолып тексеру нәтижелері бойынша 15 рұқсат етілмеген қоқыс полигонын анықтаған.

Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін полиция қызметкерлері 177 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Бұдан бөлек, прокурорлық ден қою шаралары аясында тиісті бақылау жүргізбегені үшін ауылдық округтердің 12 әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдар толық көлемде төленді.

Бұған дейін Ақмола облысында Үлгі ауылдық округінің әкімі кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз