Тоқаев Ақордада Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданы қарсы алды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: видеодан алынған скрин

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Алдымен екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды. Салтанатты рәсімнен кейін, екі мемлекет басшысы келіссөз залына өтті.

Сапар аясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Королі Филипп және Патшайым Матильда «Қазақстан–Бельгия» іскерлік кеңесінің төртінші отырысына, екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына және өзге де іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Бельгия Королі Филипп және Патшайым Матильданың Қазақстанға мемлекеттік сапары үш күнге созылады, яғни 11-14 қазан күндері өтеді.

Кеше, 11 қазан күні Тоқаев мәртебелі меймандарды Астана халықаралық әуежайынан қарсы алды.

Сондай-ақ оқыңыз