Тоқаев Бельгия королімен бірге балаларды оңалту орталығына барды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Тоқаев Бельгия королімен бірге балаларды оңалту орталығына барды / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филипп және патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Сапар барысында мәртебелі меймандар ерекше қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін медициналық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік көмек түрлерімен танысты. Орталықта балаларды оңалту үшін заманауи әдістер мен роботтандырылған технологиялар қолданылады.

Король мен патшайым балалармен, олардың ата-аналарымен және медицина қызметкерлерімен әңгімелесіп, интерактивті бағдарламаға қатысты. Сондай-ақ, қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Ұлттық балаларды оңалту орталығы психоневрологиялық бұзылыстары, сөйлеу және танымдық дамуында қиындықтары бар, соның ішінде церебралды сал ауруына шалдыққан және аутизм спектріндегі ерекшеліктері бар балаларға кешенді көмек көрсетеді.

Орталық жыл сайын Қазақстанның барлық өңірінен 5 мыңнан астам балаға оңалту қызметін ұсынады.

Кеше, 11 қазан күні Тоқаев меймандарды Астана халықаралық әуежайынан қарсы алды. 

Сондай-ақ оқыңыз