2026 жылы ЖИ-ге жұмсалатын әлемдік шығын 2,67 трлн долларға жетеді

2026 жылы жасанды интеллект саласындағы әлемдік шығындар 49,5%-ға артып, 2,67 трлн долларға жетуі мүмкін, деп хабарлайды Kursiv.Media Gartner зерттеу компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зерттеуде жазылғандай, 2027 жылы жасанды интеллектіге жұмсалатын шығындардың өсімі 36%-дан асып, 3,637 трлн долларға жетеді.
«Болашақтағы жұмыс жүктемелерін қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект инфрақұрылымына деген сұраныс жоғары күйінде қалып отыр», – деп атап өтті Gartner жетекші сарапшысы Джон-Дэвид Лавлок.
Оның айтуынша, жасанды интеллектіге арналған деректер орталықтарының қуаттарын іске қосу – адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған ең ірі инфрақұрылымдық жоба.
«ЖИ-ге арналған қуатты серверлерді сатып алу — әлі де ең көп ақша жұмсалатын басты бағыт болып қала береді», – деп қосты сарапшы.
Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект шенеуніктердің орнын баса ала ма