Абай облысында тұрғындарға берілетін ауызсудың сапасына қатысты шикілік шықты

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Абай облысында тұрғындарға берілетін ауызсудың сапасына қатысты шикілік шықты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Мақаншы ауданының прокуратурасы халықты ауызсумен қамтамасыз ету кезінде заңнама талаптарының сақталуына тексеру жүргізген.

Тексеру барысында тұрғындарды қауіпсіз ауызсумен қамтамасыз етуге қауіп төндіретін бірқатар бұзушылықтар анықталды.

«Атап айтқанда, Бұғыбай, Қызылбұлақ және Қызылжұлдыз ауылдарындағы блок-модульдік станцияларда су сүзу жүйелерінің жоқтығы анықталды. Сонымен қатар аталған нысандарда санитариялық-қорғау аймақтары белгіленбеген және қажетті санитариялық қорытындылар алынбаған», – делінген ақпаратта. .

Сондай-ақ Бекет және Қабанбай ауылдарында бюджет қаражаты есебінен салынған, жалпы құны 2 млрд теңгеден асатын сумен жабдықтау желілері құрылыс аяқталғаннан кейін коммуналдық кәсіпорынның балансына берілмегені анықталған. Соның салдарынан аталған нысандар іс жүзінде тиісті қызмет көрсетусіз қалған.

Прокуратураның мәліметінше, бұл халыққа белгіленген санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін ауыз судың берілуіне әкеп соғуы мүмкін еді.

Тексеру нәтижелері бойынша аудан прокуратурасы анықталған бұзушылықтарды жою және сумен жабдықтау нысандарын тиісінше күтіп-ұстауды қамтамасыз ету туралы аудан әкімдігіне ұсыныс енгізді.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылдауда.

Аудан прокуратурасы олардың іс жүзінде жойылуына бақылау жүргізуде.

Айта кететін жайт, жылжымайтын мүлік саласының сарапшысы Имран Османов Алматыда су тапшылығы болуы мүмкін екенін ескертті,

Сондай-ақ оқыңыз