Жаңа ғимараттардың 26%-ы ғана мүмкіндігі шектеулі адамдарға лайықталған

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: gov.kz

Еңбек министрлігі елде пайдалануға берілетін 562 ғимараттың мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімділігін тексерген. Бірақ оның 147-сіне ғана келісім берген, деп жазады Kursiv.Media.

Бұл барлық өтініштің 26%-ын құрайды. Ал 259 өтініш мақұлданбаған, қалғандары әлі қаралып жатыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өтініштердің мақұлданбауына ғимараттардағы қолайсыздықтар себеп болған. Мәселен, кейбір пандустарда тұтқалар жоқ немесе дұрыс орнатылмаған. Сондай-ақ бірқатар ғимараттың есіктері тар. Мұндай кемшіліктер мүгедектігі бар адамдардың ғимаратқа кіріп-шығуына және ішінде еркін қозғалуына кедергі келтіреді.

Айта кетейік, биыл 1 шілдеден бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық департаменттері жаңа ғимараттардың мүгедектігі бар және жүріп-тұруы қиын адамдарға қолжетімділігін тексере бастады. Бұл міндет Қазақстанның Құрылыс кодексі күшіне енуіне байланысты енгізілген.

Департаменттер ғимаратқа кіріп-шығуға және оның ішінде еркін қозғалуға қажетті жағдайлардың жасалғанын қарайды. Алайда олардың келісімі тек осы талаптардың орындалуына қатысты беріледі.

Оқи отырыңыз: Елде «көлеңкелі» баспана нарығының үлесі 41,2%-ға дейін азайды

Сондай-ақ оқыңыз