Экс-министр Ермек Көшербаев Аустриядағы елші қызметіне тағайындалды 

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: Ақорда

Бұрынғы сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстанның Аустриядағы елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент жарлығымен Ермек Көшербаев елші әрі Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болды. Көшербаев 2025 жылы елдің сыртқы істер министрі қызметін атқарды. Бұл лауазымнан 2026 жылдың қыркүйегі босатылды. Содан бері СІМ басшысы қызметін Мұхтар Тілеуберді атқарып отыр. Тілеуберді оған дейін Қазақстанның Аустриядағы елшісі, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болған. Осылайша екі лауазымды тұлға қызмет алмастырды.

Сыртқы саясаттағы ауыс-түйіс ішінде Еркін Тұқымовтың Пәкістан Ислам Республикасындағы елші болып тағайындалғаны да бар.

Одан бөлек Марокко Корольдігіндегі елші Сәулекүл Сайлауқызы қызметінен босатылды.

Сондай-ақ оқыңыз