Кәсіпкерлерге арналған салық режимі өзгере ме – министрлік жауабы

Қазақстан Үкіметі кәсіпкерлерге арналған салық режимдерін өзгертуді әзірге жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Kursiv Media.
Айтуынша, жаңа Салық кодексінің нәтижесін бағалау үшін кемінде бір жарым жыл қажет. Сондықтан кәсіпкерлердің салық төлеу тәртібіне қатысты қолданыстағы талаптар әзірге сақталады.
Дегенмен бұл кәсіпкерлер үшін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған байланысты журналистер министрден қабылданған шешімді қайта қарау мүмкіндігін сұрады.
«Білуімше, қазір бұл мәселе бұрынғыдай өткір тұрған жоқ. Мен сіздерге статистиканы ұсына аламын. Бірақ сіздер біз бұл норманы өзгертуді жоспарлап отырмыз ба деп сұрап отырсыздар. Жоқ, жоспарлап отырған жоқпыз», – деп жауап берді Жұманғарин.
Жұманғарин Салық кодексі күшіне енгеніне тоғыз ай ғана болғанын айтып, Үкімет оның негізгі ережелерін қайта қарауды жоспарлап отырмағанын атап өтті.
«Біз ештеңені өзгертуді жоспарлап отырған жоқпыз, өйткені Салық кодексі енді ғана жұмыс істей бастады. Тоғыз ай өтті. Келісіңіздер, заңның жұмыс істеуіне мүмкіндік бермей жатып, оның негізгі баптарына өзгерістер енгізу аса жауапсыздық болар еді», – деді ол.
Министрдің пікірінше, салық реформасының салдарын бағалау үшін кемінде бір жарым жыл жұмыс істеуі керек.