Қайраттың концертінен кейін ауруханаға түскен қыздың жағдайы туралы не белгілі

Қайрат Нұртастың концерті кезінде топтың астында қалып, тапталып, ауруханаға түскен бойжеткен әлі де жансақтан бөлімінде жатыр. Бұл туралы Жетінші арнаға сілтеме жасаған Kursiv Media жазады.
Дәрігерлер дерегінше, 18 жастағы қыздың жүрегі мен миы зақымданған. Әлі есін жимаған. Мамандар жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Одан бөлек бойжеткен концертте есінен танып жатқанда әлдекімдер ұялы телефоны мен құжаттарын ұрлап кеткен көрінеді.
Қазір бұл жағдайды полиция тексеріп жатыр. Әзірге жәбірленушінің туыстары сұхбат беруден бас тартты.
Еске салайық, 10 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы стадионда өткен Қайрат Нұртастың концертіне кезекте тұрған адамдар қысылып, үлкен кептеліс болды. 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Барлығы сегіз адам жарақаттанып, дәрігерлерге жүгінген.
Полиция концертті ұйымдастырушылардың бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.