Қазақстан бензин мен дизель өндірісін арттырды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Мұнай өңдеу саласы / фото: Kursiv Media

Үкімет отырысында Қазақстандағы мұнай өнімдерін өндіру көлемі артқаны айтылды. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаровтың мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар–қыркүйегінде елде 11,9 млн тонна мұнай өнімі өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға көп.

Қазақстанда мұнай өнімдері өндірісі өсті

2026 жылғы қаңтар–қыркүйектегі өндіріс көлемі, млн тонна

Жалпы мұнай өнімдері
11,9 млн тонна
+2,4%
2025 жылғы 9 ай: 11,6 млн т
Бензин
млн тонна
2025 · 9 ай
4,5
2026 · 9 ай
4,6
▲ +2,2%
Дизель отыны
млн тонна
2025 · 9 ай
4,7
2026 · 9 ай
4,8
▲ +2,1%
Авиакеросин
млн тонна
2025 · 9 ай
0,6
2026 · 9 ай
0,7
▲ +16,7%
Мазут
млн тонна
2025 · 9 ай
1,2
2026 · 9 ай
0,8
▼ −33,3%
Дерек: Қазақстан Энергетика министрлігі · 2026 жылғы қаңтар–қыркүйек

Оның ішінде бензин өндірісі 4,5 млн тоннадан 4,6 млн тоннаға, дизель отыны 4,7 млн тоннадан 4,8 млн тоннаға өскен. Авиакеросин өндірісі де артқан: тоғыз айда 0,7 млн тонна өндірілді. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 0,6 млн тонна болған.

Ал мазут өндірісі, керісінше, азайған. 2025 жылдың тоғыз айында 1,2 млн тонна мазут өндірілсе, биыл көрсеткіш 0,8 млн тоннаға дейін төмендеген.

Осылайша, мұнай өнімдерінің жалпы өндірісіндегі өсім негізінен бензин, дизель және авиакеросин есебінен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ оқыңыз