Қазақстанда 23 млн тонна астық жиналды

Қазақстанда 23 млн тонна астық жиналды. Дақылдардың жалпы өнімі науқан қорытындысы бойынша 5 млн тоннадан асуы мүмкін, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Aуыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, биылғы тоғыз айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5,8%-ға өсіп, 7,3 трлн теңгеге жеткен. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 7,6%-ға, мал шаруашылығы 3,5%-ға артқан.
Астық жинау науқаны аясында 15,6 млн гектар алқаптың 96%-ы орылды. Орташа өнімділік гектарына 15,2 центнерді құрады.
Майлы дақылдардан әзірге 3,7 млн тонна тұқым жиналған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,5 есе көп. Науқан аяқталғанша өнім көлемі 5 млн тоннадан асады деп болжанып отыр.
Сонымен қатар елде 3,1 млн тонна көкөніс, 2,9 млн тонна картоп және шамамен 2,4 млн тонна бақша дақылы жиналды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсімі Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Түркістан және Павлодар облыстарында республикалық орташа көрсеткіштен жоғары болған.