Қазақстанда жеке үйлерге сұраныс артып келеді

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
фото: Kursiv Media

Қазақстанда баспана саудасы бәсеңдеді. 2026 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 35 406 мәміле тіркелді. Бұл тамыздағы көрсеткіштен 1,1%-ға, ал былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 14,3%-ға аз, деп жазады Kursiv.Media.

Биылғы тоғыз айда ең көп мәміле маусымда жасалған – 39 053. Одан кейін көрсеткіш үш ай қатарынан төмендеп, қыркүйекте 35,4 мыңға түсті. Ал 2025 жылы ең жоғары көрсеткіш желтоқсанда тіркелген: бір айда 53 128 мәміле жасалды.

ТҰРҒЫН ҮЙ НАРЫҒЫ

БАСПАНА САУДАСЫ

Сатып алу-сату мәмілелерінің динамикасы · 2025–2026

ҚЫРКҮЙЕК · 2026
35 406
тұрғын үй мәмілесі
ЖЫЛДЫҚ ӨЗГЕРІС
−14,3%
2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда
АЙЛЫҚ ӨЗГЕРІС
−1,1%
2026 жылғы тамызбен салыстырғанда
Мәміле саны
Тұрғын үй мәмілелері: 2025–2026 2025 жылдың 12 айы мен 2026 жылдың 9 айы салыстырылған. 2025 жылғы желтоқсанда 53 128 мәміле тіркелген. 2026 жылғы қыркүйекте 35 406 мәміле тіркелген. Толық мәндер төмендегі кестеде берілген. 60 мың 50 мың 40 мың 30 мың 20 мың Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қыр Қаз Қар Жел 53 128 35 406 Қаңтар · 2025: 30 917 · 2026: 27 745 Ақпан · 2025: 29 022 · 2026: 27 421 Наурыз · 2025: 27 739 · 2026: 28 493 Сәуір · 2025: 36 839 · 2026: 35 154 Мамыр · 2025: 33 986 · 2026: 30 420 Маусым · 2025: 33 273 · 2026: 39 053 Шілде · 2025: 39 742 · 2026: 37 158 Тамыз · 2025: 41 380 · 2026: 35 807 Қыркүйек · 2025: 41 313 · 2026: 35 406 Қазан · 2025: 41 259 · 2026: дерек жоқ Қараша · 2025: 39 973 · 2026: дерек жоқ Желтоқсан · 2025: 53 128 · 2026: дерек жоқ
2025 жыл 2026 жыл
Барлық айдың көрсеткіштері
Ай 2025 2026
Қаңтар 30 91727 745
Ақпан 29 02227 421
Наурыз 27 73928 493
Сәуір 36 83935 154
Мамыр 33 98630 420
Маусым 33 27339 053
Шілде 39 74237 158
Тамыз 41 38035 807
Қыркүйек 41 31335 406
Қазан 41 259—
Қараша 39 973—
Желтоқсан 53 128—

Өңірлер арасында Алматы мен Астана алда келеді. Қыркүйекте Алматыда 7 248, Астанада 6 119 мәміле тіркелді. Екі қалаға елдегі барлық мәміленің 37,8%-ы тиесілі.

Пәтер мен жеке үй саудасында қозғалыс әртүрлі. Тамызбен салыстырғанда пәтерлер бойынша мәмілелер 2,2%-ға азайса, жеке тұрғын үйлер бойынша 2,7%-ға артқан. Дегенмен сауданың басым бөлігі әлі де пәтерлерге тиесілі: қыркүйектегі барлық мәміленің 76,5%-ы осы сегментте жасалған.

Сондай-ақ оқыңыз