Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден өтті
Жарияланды

Эстрада әншісі Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы дүниеден өтті. Қаралы хабарды өнер иесі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
«Сәкен Майғазиев ағамыздың анасы дүниеден озды. Алла жанын жәннатта етсін», – делінген әншінің парақшасында.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, марқұммен қоштасу рәсімі 2026 жылғы 14 қазанда сағат 15:00-де Түркістан облысы Созақ ауылында, өз шаңырағында өтеді.