Шәріпбаевтың қызына тиесілі болған жылу орталығының иесі ауысты

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Жылу орталығының иесі ауысты / Фото: Ақтөбе ЖЭО сайты

QazaqGaz компаниясының бұрынғы басшысы, Қайрат Шәріпбаевтың қызы – Қорлан Шәріпбаеваға тиесілі болған Ақтөбе ЖЭО-сының иесі ауысты, деп хабарлайды Kursiv.Media. Шәріпбаева жылу-электр орталығына Inform Sistem компаниясы арқылы иелік ететін.

Қаржы есептілігі депозитарийіндегі ақпаратқа сәйкес, аталмыш компания құрылтайшылар қатарынан шығып, оның орнына Central Asia Warehouse Private Equity Fund ашық инвестициялық компаниясы келген.

Ресми eGov.kz ақпаратында инвестициялық компанияның директоры ретінде Әсет Әбдіғаппаров көрсетілгенімен, құрылтайшылары ашық жазылмаған. Компания Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген.

 «Ақтөбе ЖЭО» АҚ – табиғи газға қомақты қарызы бар кәсіпорындардың бірі. Оның жаққан отынға төлемеген борышы 6,8 млрд теңгеден асқан.

Сондай-ақ оқыңыз