ШҚО-да колония аумағына зат лақтырмақ болған ер адам ұсталды
Жарияланды

Шығыс Қазақстан облысында №18 мекеменің қызметкерлері күзетілетін аумаққа белгісіз зат салынған түйіншекті лақтырмақ болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Polisia.kz хабарлауынша, оқиға 13 қазанға қараған түні «Қадағалау» режимдік-профилактикалық іс-шарасы кезінде болған.
Тексеру барысында ер адамның жанынан скотчпен оралған түйіншек табылды. Оның ішінде өзіне тән иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат болған.
Тәркіленген заттың құрамын анықтау үшін сот сараптамасы тағайындалды. Оқиға қызметкердің кеудесіне тағылған видео камераға түсіп қалған.
Қазір мамандар оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыдағы колонияда екі сотталған суицид жасағаны туралы ақпарат тараған еді.