2027 жылы айлық есептік көрсеткіш 8 пайызға өспек

2027 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4693 теңге болады. Республикалық бюджет жоспары жобасына сәйкес, бұл көрсеткіш 2026 жылғы 4325 теңгемен салыстырғанда, 8 пайызға өспек. Бүгін Құрылтай депутаттары бюджет жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Заң жобасы бойынша, 2027 жылы ең төменгі жалақы көлемі өзгермей, 85 мың теңге болмақ. Ал ең аз мемлекеттік базалық зейнетақы 38 622 теңгені құрайды.
Қазақстан бойынша ең төменгі зейнетақы көлемі 74 919 теңге болып бекітілсе, ең төмен күнкөрiс деңгейi 55 173 теңге болып белгіленбек.

Алдағы жылы жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы мөлшері 8,5%-ға өсуі ықтимал.
Республикалық бюджет жобасына сәйкес, 2027 жылы ел қазынасына 25,4 трлн теңге түссе, шығысы 29 трлн теңгеге жетпек.