Алматыда TikTok эфирінде балағат сөз айтып, алкоголь ішкен екі блогер ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматыда TikTok эфирінде балағат сөз айтып, алкоголь ішкен екі блогер ұсталды / Фото: Shutterstock

Алматыда TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде балағат сөз айтып, алкоголь ішіп, темекі шеккен екі әйел ұсталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қалалық полиция департаменті хабарлауынша, құқық бұзған әйелдердің кім екені тікелей эфир жүріп жатқан кезде анықталған. Олардың біріне 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынса, екіншісі 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде трансляцияға назар аударған. Полицияның хабарлауынша, эфирге қатысушылардың бірі алкогольдік масаң күйде болған.

«Екеуі де жедел ұсталды. Тікелей эфир аяқталды. Ал заң алдындағы жауапкершілік аяқталған жоқ», – деп хабарлады полиция.

Еске салайық, бұған дейін Алматы жолдарында көлікпен қарсы бағытқа шығып, қауіпті трюктер жасаған видеоларымен танылған блогер Назар Ролланның іздеуге жарияланған еді.

Сондай-ақ оқыңыз