Өмірді сақтандыру саласы адаммен бірге өзгеріп жатыр

Сақтандыру отбасыға баланың біліміне қаражат жинауға, зейнетке дайындалуға және күтпеген жағдайларға арналған қаржылық тіреуді сақтауға қалай көмектеседі? АҚ «Freedom Life» ӨСК» Басқарма төрағасы Азамат Ердесов компанияның Freedom экожүйесіндегі орны, цифрлық сервистер және ондаған жылдарға міндеттеме алатын бизнестің жауапкершілігі туралы айтып берді.
– Бүгінде өмірді сақтандыру бағыты Freedom экожүйесінде қандай рөл атқарады? Банктік және инвестициялық сервистерге не береді?
– Экожүйе адамға әртүрлі міндеттерді шешуге, оны өмірдің өзгеруіне қарай жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алдымен адам банктік сервистерді пайдаланады – бұл күнделікті қаржының негізін құрайды. Кейін жаңа мақсаттары пайда болып, инвестициялай бастайды. Өмірді сақтандыру ұзақ мерзімді жоспарлар мен қаржылық қорғаныс кезінде аталған құралдарды толықтырады.
Мысалы, бала дүниеге келді делік. Енді оның біліміне жай ғана жинақ жинау емес, өзіне бірдеңе бола қалса да мақсаты орындалатынына сенетіні маңызды бола түседі.
Дәл осы жерде өмірді сақтандыру керек болады. Біз бүгінгі қаржылық шешімдерді адамның өзі және өзінің отбасы үшін құрғысы келетін болашағымен байланыстыруға көмектесеміз. Біздің өнімдер болашақты жоспарлап қана қоймай, осы жоспарлардың іске асуына кедергі келтіруі мүмкін жағдайларға қаржылық қорғаныс қарастыруға мүмкіндік береді.
Бөлек алғанда банк, инвестиция және сақтандыру өнімдері әртүрлі міндеттерді шешеді. Бірақ олар бірігіп, экожүйеге клиенттермен қарым-қатынасты ондаған жылдар бұрын құруға мүмкіндік береді.
– Компания нарықта бірінші болып цифрлық сақтандыру өнімдеріне басымдық берді. Нарық шешімдеріңізге әлі дайын болмай, сіздер сонда да инвестиция салуды жалғастырған сәт болды ма?
– Нарық бұған енді ғана бейімделіп жатқанына қарамастан, біз о бастан онлайн-сақтандырудан үлкен мүмкіндік көрдік. Пандемия процесті едәуір жеделдетті. Клиентпен әдеттегі қарым-қатынас шектелгенде, адамдарға сақтандыру қорғанысын қашықтан рәсімдеу мүмкіндігін беру қажет болды. Осылайша бірінші онлайн-өнім, кейін екіншісі пайда болды. Біртіндеп цифрлық форматқа күрделірек шешімдер де – соның ішінде жинақтаушы бағдарламалар мен зейнетақы аннуитеті де көше бастады.
Аталған тәжірибе клиенттің күш-жігеріне қаншалықты көп нәрсе байланысты екенін көрсетті. Адам сақтандырудың пайдасын түсінуі мүмкін, бірақ рәсімдеу үшін офиске бару, құжат жинау және күрделі процедураны түсінуді қажет етсе, шешімді кейінге қалдыра береді. Барлық жол смартфондағы бірнеше әрекетке дейін қысқарғанда, ниеттен сатып алуға өту әлдеқайда жеңілдейді. Сондықтан біз үшін цифрландыру сақтандырудың қолжетімді етумен тікелей байланысты.
Сонымен бірге басты қиындық технологияларда емес, клиент әдеттерінің өзгеруінде болды. Сақтандыруда белгілі бір қағида бар: «сақтандыруды сатып алмайды, оны сатады. Адамдар өнім туралы менеджер немесе агенттің айтқанына, оның құндылығын түсіндіріп, шешім қабылдауға көмектесетініне үйреніп қалған. Цифрлық ортада бұл жүйені басқаша құруға тура келеді. Сондықтан онлайнға инвестиция салу – бар өнімдерді смартфонға көшіре салу емес, мүлдем жаңа клиенттік жолды құруды білдіреді.
– Freedom-ның өмірді сақтандыру бағытындағы цифрлық сату арналарынан бастап серіктестік платформаларға дейінгі көптеген өнімдері экожүйе сервистеріне біріктірілген. Мұндай интеграция классикалық сақтандыру компаниясымен салыстырғанда қандай артықшылық береді?
– Интеграция сақтандыру өнімін адамда тиісті қажеттілік туындаған сәтте ұсынуға мүмкіндік береді. Мысалы, адам сапарын жоспарлап отыр, я болмаса баласына банктік карта ашады. Классикалық сақтандыру компаниясының жағдайында аталған клиентке жететін жол ұзақ болар еді: алдымен оны жарнама немесе басқа арналар арқылы табу керек, өнімге қызықтырып, тек содан кейін рәсімдеуге алып келу керек.
Экожүйеде бұл жол қысқара түседі. Сақтандыру шешімін қажетті сценарийге тікелей кіріктіруге болады: туристік сақтандыруды – әуебилетін сатып алғанда, жинақтаушы бағдарламаны – адам балалар картасын ашып, баланың қаржылық болашағы туралы ойланғанда, зейнетақы аннуитетін – белгілі бір жасқа жеткенде ұсынуға болады. Бұндай тәжірибе бізде бастапқыда түрлі онлайн-сервистермен серіктестікте қалыптасса, бүгінде Freedom экожүйесінің ішінде белсенді дамып келеді.
Компания үшін бұл сонымен қатар ортақ технологиялық инфрақұрылым, бірыңғай цифрлық арналар мен клиентпен жүйелі қатынас құру мүмкіндігін тудырады. Freedom SuperApp қосымшасында біздің бірнеше өніміміз қолжетімді, олардың әрқайсысы өмірдің белгілі бір қажеттілігіне жауап береді. Ал экожүйе өнімдерді адам өміріндегі нақты сценарийлерімен, қажеттіліктерімен табиғи түрде байланыстыруға мүмкіндік береді.
– «Freedom Life» ӨСК» АҚ-ы Freedom экожүйесіне қаншалықты тәуелді? Клиенттердің қаншасы банк пен SuperApp арқылы, қаншасы өз бетінше келеді?
– Freedom SuperApp бізге экожүйе өнімдерін пайдаланып отырған үлкен аудиторияға жол ашады, қажеттілік туындаған сәттен бастап сақтандыруды рәсімдеуге дейінгі жолды едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Біз үшін бұл – өз шешімдерімізді белсенді түрде енгізіп жатқан маңызды арна.
Сонымен бірге, біз бизнесті тек экожүйе төңірегінде құрып жатқан жоқпыз, өзіміздің тарту арналарымызды да дамытуды жалғастырып жатырмыз. Осы жерде өзара экожүйе эффекті туындайды: экожүйе біздің өнімдерімізге жаңа клиенттерді алып келсе, «Freedom Life» ӨСК» АҚ-ы аудиториясын басқа сервистерге таратады. Сондықтан экожүйенің құндылығы бір арна арқылы сату үлесімен ғана шектелмейді. Ең маңыздысы – оның ішінде клиентпен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатып, оған жүйелі түрде әртүрлі шешімдерді ұсынуға болады.
– ҚНРДА келтірген дерекке сай, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша өмірді сақтандыру нарығы 43%-ға өсіп, 963 млрд теңге сыйақы жинады. Бүгінгі таңда Freedom өмірді сақтандыру бағытының нарықта сыйақылар, активтер, клиенттер саны және пайда бойынша орны қандай?
– Бүгінгі таңда компаниямыз Қазақстандағы өмірді сақтандыру бойынша ең ірі компаниялардың қатарына кіреді. Біз сақтандыру сыйақылары мен төлемдерінің көлемі бойынша нарықта үшінші орындамыз. Нарықтағы үлесіміз 19%-дан асады, ал клиенттік базамыз 2,6 млн-нан асады. Сақтандыру сыйақыларының көлемі 184 млрд теңгені, ал клиенттерге төленген төлемдер – шамамен 38,8 млрд теңгені құрайды. Біз үшін төлемдер – көріністің маңызды бөлігі: олардың артында компанияның адамдар мен олардың отбасылары алдында орындаған міндеттемелері тұр.
– Бүгінде Freedom өмірді сақтандыру бағытындағы өсімінің басты драйверін қандай өнімдер құрап отыр?
– Өсімнің басты драйвері біз үшін зейнетақы аннуитеті болып қала береді. Сақтандыру портфелінің ең үлкен үлесі осыған тиесілі. Сондықтан біздің бастамаларымыздың басым бөлігі дәл осы өніммен байланысты.
Біз зейнетақы аннуитетін Freedom SuperApp-қа біріктіріп, бұрын қағаз түрінде рәсімдеуді талап ететін процестерді толығымен онлайнға көшірдік. Келесі қадам – пайдаланушыларға өнімді басқа адамдарға ұсынуға мүмкіндік беретін рефералды бағдарламаны іске қосу. Біз үшін бұл маңызды бағыт, өйткені зейнетақы аннуитеті төлемдерді жалпы белгіленген зейнет жасынан ерте ала бастауға мүмкіндік береді, ал цифрландыру бұл құралды айтарлықтай қолжетімді етеді.
Тағы бір келешек бағыт – Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) шеңберіндегі ерікті білім беру жинақтау сақтандыруы. Бұл ӨСК нарығындағы ең жылдам өсіп келе жатқан сегменттердің бірі. Біздің Freedom Keleshek өніміміз ата-аналарға баланың біліміне жинақ жинай отырып, бір уақытта сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Компанияның инвестициялық табысынан бөлек, клиент жыл сайынғы мемлекеттік сыйақыны, ал қарастырылған шарттар орындалған жағдайда бастапқы білім беру капиталын ала алады.
Біз Unit-linked бағытынан да үлкен әлеует көреміз. Бізде бұл бағыт өмірді сақтандыруды инвестициялық мүмкіндіктермен ұштастыратын Freedom Qazyna бағдарламасымен ұсынылған. Freedom үшін холдингтің инвестициялық сараптамасын ескергенде, бұл өте табиғи бағыт.
Жалпы алғанда, біз өсімді адамның нақты ұзақ мерзімді міндеттерін шешетін өнімдерден көріп отырмыз, сондықтан біздің міндетіміз – шешімдерді цифрлық форматта мүмкіндігінше түсінікті, қолжетімді әрі қолайлы ету.
Сұхбат жалғасын сілтемеге өтіп оқуға болады.