Петерборда анасы мүгедек ұлына сірке қышқылын ішкізіп, өзенге лақтырып кеткен

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай

Санкт-Петерборда анасы сірке қышқылын беріп өлтірмек болған 12 жастағы бала жасанды комаға түсті, деп хабарлайды Kursiv.media.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы құқық қорғау органдарының өкілдері хабарлаған.

«Бала жасанды комаға енгізілді, жағдайы ауыр», – деді құқық қорғау органдарының өкілі.

Өткен сенбіде Санкт-Петербург соттарының бірлескен баспасөз қызметі жергілікті тұрғын әйелдің адам өлтіруге оқталу ісі бойынша екі айға қамауға алынғанын хабарлады.

Тергеу нұсқасы бойынша, әйел алдымен 12 жастағы ұлының тамағына 70 пайыздық сірке қышқылын құйып, бетіне де осы сұйықтықты шашқан. Содан кейін оны көлге батырып өлтірмек болған.

Алайда бала жағаға шығып, өтіп бара жатқан адамдарға дейін жеткен. Олар жедел жәрдем шақырған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, баланың денсаулығында шектеулер бар. Отбасында одан бөлек тағы екі қыз тәрбиеленіп жатқан.

Айта кететін жайт, ресейлік әйел жанармай құю үшін құрбысының мүгедек баласын жалға алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз