«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлығына үміткерлердің тізімі жарияланды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: shutterstock

«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлер анықталды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, биыл байқаудың 12 аталымы бойынша 600-ден астам журналист өтінім берген. 

Үміткерлер арасында Kursiv Media ақпарат агенттігі SMM бөлімінің жетекшісі Дәурен Ерболатов пен Kursiv Media YouTube каналы да бар. 

Жеңімпаздардың есімі 2026 жылдың 16 қазаны белгілі болады. Марапаттау рәсімі Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Дәурен Ерболатов еңбек жолын Qazaq радиосында журналист болып бастаған. Әр жылдары BNews.kz, BAQ.KZ, Sputnik Қазақстан, Tengrinews.kz, Inbusiness.kz, Massaget.kz, Halyq Uni ақпарат агенттіктерінде және тағы басқа сайттарда тілші, редактор болып жұмыс істеген. 2025 жылдан бері Kursiv Media қазақ редакциясы SMM бөлімінің жетекшісі.

Жуырда KURSIV MEDIA YouTube арнасында көрермендер саны 100 мыңнан асты. Видеоларды күн сайын 2 миллионнан астам көрермен қарайды.

Сондай-ақ оқыңыз