Abu Dhabi Plaza маңында 1,4 шақырымдық мұз саябағы ашылады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: shutterstock

Астанада ASTANA WINTER PARK атты мұз саябағы ашылады. Abu Dhabi Plaza кешенінің жанындағы сызықтық саябақта орналасатын мұз жолдарының жалпы ұзындығы 1,4 шақырымға жетеді.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, мұз жамылғысының жалпы ауданы шамамен 6 мың шаршы метр болады. Жоба Еуропа қалаларындағы мұз саябақтарының тәжірибесіне негізделген. Дәстүрлі мұз айдындарынан айырмашылығы – келушілер мұнда бір орында коньки теуіп қана қоймай, арнайы жолдармен қозғалып, мұз үстінде серуендей алады.

Келушілерге қандай жағдай жасалады

ASTANA WINTER PARK аумағында коньки жалға беретін орындар, жылы павильондар және отбасылық демалыс аймақтары қарастырылады. Сондай-ақ саябақ мерекелік жарықтармен безендіріліп, жаңа жылдық инсталляциялар орнатылады. Бұл орын қала тұрғындары мен қонақтарына қысқы кештерді ашық ауада өткізуге мүмкіндік береді.

Мұз айдыны қашан ашылады

Астана әкімдігі саябақтағы мұз айдынының ашылуын 15 қарашаға жоспарлағанын хабарлады. Алғашқы маусым 2027 жылғы 31 наурызға дейін жалғасады деп күтіледі. Осылайша, жаңа демалыс орны қыс бойы және көктемнің алғашқы айларында да жұмыс істемек.

Сондай-ақ оқыңыз